Қазгидромет: 18 қаңтарда аяз, боран, тұман күтіледі
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
18.01.2023 07:21
828
18 қаңтарда елдің басым бөлігінде аяз, боран мен тұман күтіледі, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ел аумағының басым бөлігіне әлі де антициклон әсер етіп, жауын-шашын жаумайды.
Елдің оңтүстігінің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде.
Тек республиканың шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен аздаған қар, жаяу бұрқасын орын алса, елдің оңтүстігінде жел күшейіп, тұман түседі.
Түнде Жетісу облысы мен Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екібастұзда 11 үйге жылу беру уақытша тоқтатылады