gismeteo.kz

Қазгидромет: 16 желтоқсанда қар, тұман, көктайғақ болады

16.12.2022 08:25

16 желтоқсанда ел өңірлерінде қар, тұман мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика аумағының басым бөлігіне әлі де моңғол антициклоны әсер етіп отыр. Сол себепті жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек қиыр батыста және елдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен аздаған қар, батыста көктайғақ болады деп болжануда.

Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман күтіледі.