«Qazdatathon» республикалық байқауы бааталады
Ұлттық статистика бюросы 6 қарашада жыл сайынғы деректермен жұмыс істеу бойынша «Qazdatathon» республикалық байқауы басталатынын мәлімдейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байқауға университет студенттері, сонымен қатар әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеушілер қатыса алады.
Қатысушылар экономикалық теорияны терең түсінетін, әлеуметтану, саясаттану және басқа да әлеуметтік ғылымдарды білетін 2-5 адамнан тұратын команда құра алады, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар, статистикалық қосымшаларды, бағдарламалау тілдерін және BI құралдарын білу – артықшылық болады. Қатысушыларға нақты деректер негізінде жасалған синтетикалық (жасанды) деректермен беріледі. Бұл оларға шындыққа жақын жобаны жасауға және қорғауға мүмкіндік береді.
Qazdatathon жеңімпаздары ынталандыру сыйлықтарымен, соның ішінде ақшалай жүлдемен марапатталады.
Байқау ұйымдастырушылары – СЖРА ҚР Ұлттық статистика бюросы мен «Ел үміті» корпоративтік қоры.
Байқау, ережелер және тіркелу туралы толық ақпаратты www.datathon.kz ресми сайтынан білуге болады.