Жаңалықтар

QAZCONTENT АҚ Түркі ақпараттық агенттіктерінің Альянсының құрамына кірді

QAZCONTENT АҚ Түркі ақпараттық агенттіктерінің Альянсының құрамына кірді
06.11.2023 20:22 1188

6 қарашада Түркі ақпараттық агенттіктерінің Альянсы (Alliance of Turkic News Agencies-ATNA) құрылды, оның құрамына QAZCONTENT АҚ (Қазақстан), Anadolu Ajansı (Түркия), AZERTAC (Әзербайжан), KABAR (Қырғызстан), UZA (Өзбекстан) Халықаралық ақпарат агенттіктері кіреді. Ыстанбұлдағы тиісті декларацияға аталмыш медиа компаниялардың басшылары қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Астанада Түркі мемлекеттерінің 10-саммиті барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихы мен мәдениеті ортақ, тілі мен ділі ортақ түркі елдерінің бірлігін дәріптеудің маңызы өте зор екенін атап өтті.

QAZCONTENT АҚ Түркі ақпараттық агенттіктерінің Альянсының құрамына кірді

ATNA құру туралы декларацияға 6 қарашада Anadolu Ajansı ұйымдастырған "БАҚ-тағы Бірлік және болашаққа деген көзқарас" атты түркі мемлекеттерінің ақпараттық агенттіктерінің медиа-саммиті аясында қол қойылды.

QAZCONTENT АҚ Түркі ақпараттық агенттіктерінің Альянсының құрамына кірді

Түркі елдері арасында БАҚ саласындағы байланыс жыл сайын нығайып келеді. Телеарналар арасында ынтымақтастық орнап, өзара контент алмасу басталды. Атап айтқанда, бірлескен тележобалар мен сериалдардың жарық көргені қуантады. Ақпараттық агенттіктер арасында байланыс тапшылығы жоқ. Алайда, бәріңіз білетіндей, қазір жаңа медиа дәуірі. Демек, біз интернет-журналистика саласындағы ынтымақтастықты әрқашан жаңа деңгейге көтеруіміз керек”, - деді “Qazcontent” АҚ басқарма төрағасы Бекзат Жүсіп.

QAZCONTENT АҚ Түркі ақпараттық агенттіктерінің Альянсының құрамына кірді

Ол сондай-ақ Түркі елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайту және жалған ақпаратқа қарсы күрес жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізді.

Қазір “Qazcontent” АҚ түркі мемлекеттері арасындағы ақпараттық байланыстарды нығайту және олардың мәдени-тарихи мұраларын насихаттау бойынша жұмыс жүргізуде. Түркі мемлекеттерінің ақпарат агенттіктерінің Медиа-саммиті осы байланыстарды нығайтуға ықпал ете отырып, түркі елдерінің БАҚ арасында диалог пен тәжірибе алмасу үшін айрықша алаң ұсынды.

QAZCONTENT АҚ Түркі ақпараттық агенттіктерінің Альянсының құрамына кірді

Біздің мақсатымыз - түркі ақпараттық агенттіктерінің ортақ тілі, жұмысы мен көзқарасын біріктіретін жетекші қауымдастық құру - деді “Anadolu Ajansı” басқарма төрағасы Сердар Қарағез.

Түркі мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өміралиев БАҚ альянсының құрылуы тарихи оқиға екенін атап өтті.

ATNA атынан БАҚ саласындағы ынтымақтастықты әртараптандырудың жаңа іргетасы пайда болды, оның негізін ТМҰ елдері салды, - деді Қуанышбек Өміралиев.

Түркия Президенті жанындағы коммуникациялар басқармасының бастығы Фахредтин Алтун Түркі әлемі елдеріне төнген қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Альянс құрудың маңызды екенін мәлімдеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркі елдері арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға зор мән береді, - деді ол.

Сондай-ақ медиа-саммитке Түркияның бұрынғы премьер-министрі, ТМҰ ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым қатысты. Ол цифрлық әлем жағдайында ақпарат лезде таратылатынын, сондықтан түркі елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары заманауи құралдарды пайдалана отырып, айла-шарғы жасауға және фейктердің таралуына бірлесіп қарсы тұруы тиіс екенін мәлімдеді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға