Жаңалықтар

«QazBioPharm» биофармацевтикалық ұлттық холдингі құрылады

Бюджеттен 380 млн теңге сомасында қаражат бөлінді
«QazBioPharm» биофармацевтикалық ұлттық холдингі құрылады
Фото: gxpnews.net 21.07.2022 10:45 1774

Мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шараларға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде «QazBioPharm» биофармацевтикалық холдингі құрылатын болды, деп хабарлайды El.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ВАК мәліметінше, Мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шараларға қатысты тапсырмасын орындау шеңберінде мынадай шаралар қабылданды:

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды;

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-да мемлекеттік тіркеуі өткізілді;

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ-ның ҚНРДА-да жарияланған акцияларының шығарылуына мемлекеттік тіркеу жүргізілді;

- Холдингтің қызметін қамтамасыз ету үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 380 млн теңге сомасында қаражат бөлінді.






Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға