«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлы ұсталды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бюджет қаражатының жымқыруына қатысты мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды, - делінген ақпаратта.
Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.

