Видеодан кадр

ҚазАвтоЖол жолаушыларға ескерту жасады

09.07.2024 03:11

QazAvtoJol Ауа райының бұзылуына және дауылды ескертудің жариялануына байланысты жолда қауіпсіздікті сақтау туралы еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 1. Жылдамдықты азайтыңыз: Жазғы дауыл кезінде қатты жаңбыр мен жел болуы мүмкін. Оның салдарынан жол көрінбей, ілінісу нашарлайды. Жылдамдықты азайтып және қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз.

 2. Кенеттен маневр жасамаңыз: Дымқыл жолда көлікті кенет бұру және тежегішті басу оның сырғанауына әкелуі мүмкін. Көлікті еркін жүргізіңіз.

3. Жарықты жағып айдаңыз: Жол нашар көрінетін кезде жақын жарық пен тұманға қарсы жарықты қосып айдаңыз. Себебі басқа жол пайдаланушыларға сіздің көлігіңіз көрінуі керек.

 4. Терезе тазалағышты тексеріңіз: Терезе тазалағыштың істеп тұрғанын тексеріп, терезе жуғыш сұйықтықты толтырып алыңыз. Жауын кезінде сізге жол жақсы көрінетін болады.

 5. Жолдағы сынықтарға дайын болыңыз: Қатты жел ағашты құлатып, оның сынықтары жолда шашылып жатуы мүмкін. Сондықтан мұқият болып, кедергілерден аулақ болыңыз.

 6. Су басқан учаскелерді байқаңыз: Ешқашан терең су арқылы өтпеңіз. Судан шұңқырлар көрінбей, сіздің көлігіңізге зақым келуі мүмкін.

 7. Ауа райыны бақылап жүріңіз: Ауа райыны жиі бақылап және жолдың жағдайы туралы хабарламаларды қарап отырыңыз. Өзекті ескертулер мен ұсыныстар бойынша хабардар болыңыз.

 8. Қауіпсіз жерде тоқтаңыз: Дауыл күшейетін болса, онда ағаштар мен электр желісінен қауіпсіз жерде тоқтап, ауа райының жақсарғанын күтіңіз.

 Жолдағы сіздің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі сақтық шараны сақтап, мұқият болуыңызға байланысты.