Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» жол жөндеу жұмыстары қалай жүргізілетінін айтты

«ҚазАвтоЖол» жол жөндеу жұмыстары қалай жүргізілетінін айтты
Фото: ҚазАвтоЖол 17.07.2024 20:11 646

2024 жылдың басынан бері автожолдардың құрылысына 504 мың тонна битум қолданылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстарына 504 мың тонна битум қолданылды. Оның 375 мың тоннасы отандық мұнай өңдеу зауыттарында өндірілді (ПМХЗ, Каспий битум, Qazaq Bitum және Асфальтобетон), ал 129 мың тонна Ресей Федерациясынан импортталды. Бұл көрсеткіштер еліміздің жол инфрақұрылымын салуда битуммен қажетті көлемде қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарында жол битумы маңызды құрамдас бөлікті атқарып, жол жабынын ұзақ әрі берік қолдануға мүмкіндік береді. Республикалық және жергілікті жол жобаларында отандық және импорттық битум пайдаланылады. Жол құрылысында дұрыс битумды таңдау бірнеше факторларға байланысты, олар климаттық жағдай, қозғалыс қарқындылығы мен жол жабыны төсемінің түрі.

Келесі негізгі ерекшеліктерді ескеру керек:

Жабысқақтық: битум минералды материалдармен қажетті адгезияны қамтамасыз ету үшін жабысқақ және әртүрлі температурада деформацияға берік болу керек.

Жұмсарту температурасы: бұл көрсеткіш битум қандай температурада өз формасын жоғалтып және жұмсақ болатынын көрсетеді. Ыстық климаттағы аймақтар үшін жоғары жұмсарту температурадағы битумды қолданған жөн.

Ену тереңдігі: бұл көрсеткіш битумның қаттылығы мен жүктемелерге қарсы тұру қабілетін анықтайды.

Майысқақтық: температураның өзгеруі мен жүктеме салдарынан жол жабынында пайда болатын ақаулардан алдын алу үшін маңызды.  

Асфальтқа арналған битум келесі сипаттамаларға ие болу керек:

Тозуға төзімділік: ұзақ уақыт мерзімге өз құрамын сақтау қабілеті.

Ауа райына төзімділік: құрылымын өзгертпестен жоғары және төмен температураға төтеп беру қабілеті.

Адгезия: жабынның ұзақ әрі беріктігін қамтамасыз ету үшін минералды материалдармен жақсы байланысу қабілеті.

Транспорттық инфрақұрылымының қарқынды дамуында жергілікті битумды қолдану импорттық тауарға тәуелділікті азайтып, еліміздің жол саласының тұрақты дамуына септігін тигізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға