«ҚазАвтоЖол» тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады
7 қаңтар күні сағат 19:00-ден бастап Ақмола және Қарағанды облыстарында метеорологиялық жағдайдың нашарлауы күтілуде, яғни қалың қар жауып, қатты жел соғуы мүмкін, салдарынан көрініс шектеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, мұндай ауа райының қолайсыздығы 2024 жылдың 8 қаңтары сағат 16.00-ге дейін сақталады деген болжам бар.
Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана-Щучинск және Астана-Теміртау бағыттарында көлік қозғалысына шектеулер енгізілуі мүмкін екендігін хабарлаймыз. Ауа райы туралы ақпаратқа назар аударып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ 1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Бұл нөмір арқылы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал жөніндегі ақпаратты алуға болады.
Айта кетейік, автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары қарқынды жүргізіліп, қар тазалау техникалары тәулік бойы жұмыс істейтін болады.