Жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" республикалық трассада жол апаты болса, не істеу керектігін түсіндірді

"ҚазАвтоЖол" республикалық трассада жол апаты болса, не істеу керектігін түсіндірді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 03.08.2024 05:40 735

"ҚазАвтоЖол" мекемесі көлік жүргізушілерге арналған пайдалы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Егер де сіз республикалық автожолда жол-көлік оқиғасына ұшырасаңыз, (соқтығысу, малды қағып кету немесе басқа да осыған ұқсас оқиға болсын) онда өз мүдделеріңізді қорғау және барлық қажетті ережелерді сақтау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:

1. Жедел қызметтерге хабарласыңыз. Бірінші кезекте 102 нөміріне қоңырау шалып, полиция қызметкерлерін шақырыңыз. Бұл сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етіп, оқиғаны тіркеуге көмектеседі.

2. Оқиғаны тіркеу. Полиция қызметкерлері келгеннен кейін жол-көлік оқиғасы орын алған жерді қарап, оқиғаның нақты схемасын жасауы тиіс. Аталмыш оқиғаны жан-жақты анықтау үшін қызмет көрсететін ұйым (мысалы, жол пайдалану басқармасы немесе жол пайдалану бөлімі) өкілдерінің қатысуы өте маңызды.

3. Өтінім беру. Орын алған жағдай бойынша қажетті түсініктемелер мен ақпаратты алу үшін "ҚазАвтоЖолдың" облыстық филиалдарына хабарласуды ұсынамыз. Бұл сізге өзекті ақпарат пен құқықтық қолдау алуға көмектеседі.
 
4. Сот органдарына жүгіну. Жағдайды ары қарай қарастыру үшін жиналған құжаттар мен материалдарды алып, сот органдарына жүгіну керек. Бұл сіздің құқықтарыңыз бен қызығушылықтарыңызды қорғау үшін қажет. 

5. Тиісті құрылымдарды хабардар ету. Егер де сіз 1403 байланыс орталығының тобына шағым білдіргіңіз келсе, онда орын алған жағдай туралы хабардар екеніңізді және ол танысу мен қарастыру үшін жіберілгенін көрсетуді ұмытпаңыз. 

Осы қадамдарды орындау арқылы жол-көлік оқиғасын тез әрі тиімді шешіп, қажетті қолдау аласыз. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға