"ҚазАвтоЖол" бірнеше өңірдегі жүргізушілерге ескерту жасады
15.10.2024 06:25
Фото:
© El.kz
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ бірнеше өңірдегі көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін 15 қазанда Абай, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Павлдар және Шығыс Қазақстан облыстарында дымқыл қар мен жаңбыр аралас қар жауады деп күтілуде. Ал Шымкент қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаңбыр жауады деген болжам жасалынып отыр.
Сол себепті көлік жүргізушілерден қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады,-делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

