Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» барша қазақстандықтарға үндеу жасады

«ҚазАвтоЖол»  барша қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: Қазавтожол 02.07.2024 08:33 506

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ барша қазақстандықтарды жол бойындағы тазалықты сақтауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Достар, біздің жолшы мамандар күн сайын республикалық маңызы бар автожолдардың бойын қоқыстардан тазалап, жолдың таза әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді. Ол кісілердің ауыр жұмыстарына қарамастан, азаматтар қоқысты кез келген жерде тастайды, - делінген ақпаратта.

Бұл неге маңызды?

1. Экология: Жол бойындағы қоқыстар қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктерге зиянын тигізеді.
2. Қауіпсіздік: Тасталған қоқыстар жол-көлік оқиғасы мен көліктердің бұзылуына себепші болады.
3. Тазалық: Таза жолдар - біздің ортамыздың тазалығы.

Ол үшін не істеу керек?

- Қоқыс жәшіктерін қолданыңыз: Көліктің терезесінен қоқыстарды тастамаңыз. Арнайы жерлерде тастауды әдетке айналдырыңыз.
- Үлгі болыңыз: Жол бойында қоқыс көрсеңіз, оны жинап, арнайы жерге тастаңыз. Басқа адамдарға үлгі көрсетіңіз.
- Алдын ала жоспарлаңыз: Көлігіңізде арнайы пакетті ұстап, соған жинаңыз. Жол бойындағы жақын қоқыс жәшіктерінің біріне тастаңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға