QazAvtoJol көлік жүргізушілеріне ескерту жасады
11.03.2024 11:18
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI
Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Алматы облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр, Жамбыл облысында жауын-шашын жауады деп болжанған. Нәтижесінде жолдың кейбір учаскелерінде көктайғақ болуы мүмкін.
Ақмола облысы мен Астана қаласында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Осыған байланысты QazAvtoJol көлік жүргізушілеріне жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

