ТЖМ баспасөз қызметі

«Қазавиақұтқару» тікұшағы нәрестені Екібастұздан Павлодарға жеткізді

ТЖМ «Қазавиақұтқару» экипажы арнайы медициналық көмек көрсету үшін нәрестені Екібастұздан Павлодарға шұғыл тасымалдап, санитарлық рейсті орындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Ұшу барысы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Нәрестенің жағдайы Павлодар перинаталдық орталығына тапсырылғанға дейін үздіксіз қадағаланған.

Операцияны тәжірибелі экипаж Саукинбек Керім, Әсілхан Азамат және Құдайберген Ербол орындады. Команданың үйлесімді әрекеттері науқасты тез және қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік берді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Санавиация шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Себебі ол өмірді қысқа мерзімде сақтап қалуды қамтамасыз ететін маңызды сала.