Видеодан кадр

«Қазавиақұтқару» тікұшағы ер адамды Семейге шұғыл жеткізді

Абай облысында ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы санитарлық авиация желісі бойынша шұғыл тасымалдау рейсін орындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Аягөз қаласынан ер адам Семей қаласына жеткізілді.

Науқасты дер кезінде дәрігерлерге жеткізу үшін МИ-8 тікұшағы әуеге көтерілді. Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 медицина қызметкері болды.

Экипаж бен медициналық мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында науқасқа уақытылы көмек көрсетілді.