"Қазавиақұтқару" экипажы зейнеткерді Павлодарға шұғыл жеткізді
05.09.2025 21:10
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" экипажы кезекті рет шұғыл түрде медициналық рейс орындады. Бұл жолы зейнеткерге көмек қажет болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
1959 жылы тұрғынға өкпе артериясының тромбоэмболиясы диагнозы қойылған. Ол арнайы медициналық көмек алу үшін Ақтоғай ауданынан шұғыл Павлодарға жеткізілді.
Ұшу кезінде науқастың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Науқас Павлодардағы медицина қызметкерлеріне тапсырылғанға дейін оның жағдайы үздіксіз қадағаланды.
Операцияны тәжірибелі экипаж мүшелері — Саукинбек Керім, Әсілхан Азамат және Шахабаев Дәурен орындады. Команданың үйлесімді іс-қимылдары ер адамды тез және қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік берді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

