Қазақтың танымал қолөнер шебері өмірден өтті
Мөлдір Қайнар тілші
Елімізге есімі белгілі қолөнер шебері Бақыт Кеңшілікұлы өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаралы хабарды мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
Бақыт Кеңшілікұлы – ағаш технологы, ұлттық аспап жасайтын шебер. Ол 1966 жылы 15 тамызда Моңғол Халық Республикасының Баян-Өлгей өлкесінде дүниеге келген. 1995 жылы атажұртқа қоныс аударып, содан бері Өскемен қаласында тұрды, - деп хабарлайды дереккөз.
Бақыт Кеңшілікұлының қолынан үш мыңнан астам аспап шыққан. Ол аспаптардан бөлек, ұлттық нақышта кәдесыйлар жасады.

