«Қазақтың Шатуновы» көпшіліктің назарына жаңа әнін ұсынды
26.06.2025 08:33
Фото:
instagram.com/jazzdauren
«Дарите женщинам цветы» әнімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған қазақстандық әнші Jazzdauren (шын есімі – Жандәурен Аблаев) өз жанкүйерлерін тағы да қуантты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өнер иесі жаңа әнінің шығатынын жариялады.
Jazzdauren – «Черные глаза» (жақында), – деп жазды Жандәурен өзінің жазбасында.
Жанкүйерлер сүйікті әншілерінің жаңа туындысын қуана қарсы алып, Аблаевқа жылы лебіздерін жаудырды:
- «Керемет!»
• «Алтын бала».
• «Қайдан жүктеуге болады?»
• «Дауысы қандай әдемі».
• «Сымбатты, дауысы да керемет».
• «Бұл ән хит болады».
• «Сүйікті әншіміз! Ән де, орындау да – от!»
• «Өте жеңіл, еркін, сондай тамаша орындау».
• «Дауысы өте жағымды, тыңдауға жеңіл».
Посмотреть эту публикацию в Instagram

