Жаңалықтар

"Қазақтың қыздары шашбау мен шолпы таққан". Қызылордалық қыздар челлендж бастады

"Қазақтың қыздары шашбау мен шолпы таққан". Қызылордалық қыздар челлендж бастады
Фото: t.me/sci_gov_kz 19.10.2023 15:38 2445

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған челлендж бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақтың қыз-келіншектері шашқа сән беріп, оюланған шашбау, күмістелген шолпы таққан. Білім алушылар барша қазақ аруларын шашбау мен шолпы тағуға шақырды, делінген ақпаратта.

Айта кету керек, ұзын шаш қазақ түсінігінде өте киелі саналған. Сондықтан халқымыз қыз баланың бұрымды болуына, жинақы жүруіне мән берген. Ұлттық әшекей саналатын шашбау мен шолпыны тағудың өзіндік ерекше мақсаты да болған.

Қоңыраулы шолпы таққан қыздар қатты күлсе, оқыс қозғалса, шолпы сыңғырлайтын болған. Осылайша, бұл әшекей қыздардың көркем мінезді, сыпайы болуына әрі ауыр шолпы арқаны түзу ұстап, сәнді жүруге әсер еткен. Шашбау мен шолпыны шаш ұзын болып өсуі әрі өте жинақы тұруы үшін таққан, - дейді Қызылордалық студенттер.

Шашбау сыңғырынан үйге бойжеткеннің келе жатқаны белгілі болған. Сондықтан үлкендер жинақталып, қыз баланың көзінше қатты сөйлемеген, тек өнегелі тәрбиенің үлгісін көрсеткен. Ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуға бағытталған челленджге аз уақытта өзге де ЖОО-лар қолдау білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға