Жаңалықтар

QazaqTV телеарнасының атауы Jibek Joly болып өзгерді

Бұған дейін Kazakh TV ел аумағында көрсетілуге міндетті телеарналар тізіміне енген болатын.
QazaqTV телеарнасының атауы Jibek Joly болып өзгерді
Фото: wikipedia 20.08.2022 18:12 2193

«QazaqTV» телеарнасы ребрендинг жасап, атауы «Jibek Joly» болып өзгерді деп, хабарлайды El.kz.

Телеарнаның атауы ғана емес, хабар тарату кестесі де өзгерді. Ендігі уақытта «Jibek Joly» телеарнасын теледидар пультінің 7 санын басу арқылы көруге болады.

Бұған дейін Kazakh TV ел аумағында көрсетілуге міндетті телеарналар тізіміне енген болатын.

Бұйрыққа сәйкес, енді міндетті телерадиоарналардың тізімі мынадай:

1. «QAZAQSTAN»

2. «Хабар»

3. «Хабар 24»

4. «BALAPAN»

5. «ABAI TV»

6. «QAZSPORT»

7. «Kazakh TV»

8. «МИР»

9. «Астана»

10. «Almaty»

11. «Евразия бірінші арнасы»

12. «КТК»

13. «31 арна»

14. «Жетінші арна»

15. «El arna»

Kazakh TV арнасы Қазақстанның барлық аймақтарында хабар тарата бастайды. Республикадан тыс әлемнің 120-дан астам елінде хабар таратады.

Kazakh TV – Қазақстан Республикасының тұңғыш ұлттық спутниктік телеарнасы. Қазіргі уақытта ол «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ құрылымына кіреді.

Арна мазмұны – 100% отандық өнім. Жалпы аудиториясы – 300 миллионнан астам көрермен. Телеарнаның бағдарламалары бірнеше тақырыптық бағытта ұсынылады және Қазақстанның мәдениеті, дәстүрі, тарихы, туризмі мен инвестициялық мүмкіндіктері сынды салаларды қамтиды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға