Жаңалықтар

"Қазақтар қырылсын". Ұлтараздықты қоздырған Наталья Свириденко ұсталды

"Қазақтар қырылсын".  Ұлтараздықты қоздырған Наталья Свириденко ұсталды
Фото: Әлеуметтік желі 28.11.2023 12:30 28649

Қазақтарды қорлап, бір бірін өлтіруге шақырған Астана тұрғыны Наталья Свиридова төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мынадай жаза кесті.

Свириденко (Меркулова) Наталья Валентиновна ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінде (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, - делінген ақпаратта.

Оқиға 7 тамызда болған. Наталья Свиридова TikTok парақшасында ұлт-араздық алауыздықты қоздыратын мәлімдеме жасап, азаматтардың ұлттық ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтірген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға