Жаңалықтар

Қазақстанның жетуі қиын аймақтарындағы 176 ауыл интернетке қосылды

Қазақстанның жетуі қиын аймақтарындағы 176 ауыл интернетке қосылды
Фото: gov.kz 05.10.2023 21:21 651

Қазақстанда 250-ден  аз тұрғыны бар жүздеген ауылдық елді мекендер бар, олар стационарлық байланысы қиын және кең жолақты интернетке қосылу қызметтері жоқ аудандарда орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2022 жылғы қыркүйекте «Digital bridge» форумы аясында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне спутниктік технологияларды пайдалана отырып, ең шалғайдағы ауылдық елді мекендерді қамту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Қазақстандағы «цифрлық алшақтықты» жою мақсатында ҚР Цифрлық министрлігі «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ ғарыштық байланыс жүйесін қосу мәселесі бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. 

Бүгінгі таңда «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ «Kazopiclink» ЖШС байланыс операторымен бірлесе отырып, Wi-Fi HotSpot технологиясын (қоғамдық Интернетке кіру нүктесі) пайдалана отырып, Қазақстан бойынша 176 ауылдық елді мекенді қосты.

«Бұл қызмет 176 ауылдың тұрғындарына тегін беріледі. Енді олар қажетті мемлекеттік цифрлық қызметтерге, электронды банкингке және бүгінгі күні ең сұранысқа ие басқа да қызметтерге қол жеткізе алады», - деді Бағдат Мусин. 

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ бұл ауылдарда интернетке қосылудың қалай жүргізілетінін түсіндірді.

«Интернетке қол жеткізу 10 Мбит/с дейін және 2 Мбит/с дейінгі қосылу жылдамдығымен «KazSat-3» ғарыш аппаратының спутниктік байланыс арналары арқылы көліктік байланыс негізінде ұйымдастырылған.», - «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ сату және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Абзал Әлиев мәлімдеді .

ҚР Цифрлық министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылы заманауи спутниктік технологиялар арқылы интернетпен қамтылмаған ауылдық елді мекендерді қосу жалғасады. Алдағы уақытта еліміздің коммуникациясы қиын аудандарында орналасқан тағы 328 ауылдық елді мекенді қосу жоспарлануда.

Айта кететін жәйт, бүгінде «Kazsat» ғарыштық байланыс жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға