Жаңалықтар

Қазақстанның жетінші алтынын қоржынға джиу-джитсу шебері салды

Қазақстанның жетінші алтынын қоржынға джиу-джитсу шебері салды
Фото: ©Olympic.kz/Tengrinews/Тұрар ҚАЗАНҒАПОВ 05.10.2023 14:28 835

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан алтын түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтсақ, 69 келі салмақта сынға түскен Нұржан Батырбек Азия ойындарының чемпионы атанды. Сөйтіп Қазақстан қоржынына жетінші алтын жүлдені салды.

Нұржан тартысты өткен белдесуде БАӘ өкілінің спортшысын 4:2 есебімен жеңді.

Бұған дейін жерлесіміз жартылай финалда 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері оңтүстіккореялық Чо Сонг Хеннен басым түсті. Оның алдында саудиялық Усама Кандил мен Тәжікстан өкілі Рамшед Абдуллоевты қапы қалдырған. 

Осы салмақта бақ сынаған тағы бір қазақ спортшысы Алдияр Серік қола жүлдеге ие болды.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға