6 желтоқсанда Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Осыған байланысты қала тұрғындарына далада серуендеуді шектеу ұсынылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2025 жылдың 6 желтоқсанында келесі қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде:
- Алматы
- Орал
- Ақтөбе
- Атырау
- Жезқазған
- Балқаш
- Астана (түнде).
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның жер беті қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

