Жаңалықтар

Қазақстанның үздік тәлімгерлері жас мамандарды оқытты

Қазақстанның үздік тәлімгерлері жас мамандарды оқытты
Фото: © Pixabay.com 14.09.2023 03:19 570

Қазақстанда 2016 жылдан бастап жыл сайын «Еңбек жолы» республикалық байқауы өткізіледі.  Ол еліміздегі Еңбек күнін мерекелеуге орайластырылған және «Еңбек адамына» құрмет көрсетуге арналады. Бүл туралы ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Байқау номинацияларының бірі – «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері». Осы номинация жеңімпаздарының жалпы еңбек өтілі 2,5 мың жылдан астам уақыт құрайды.

Қазақстандық тәлімгерлік институтының жарқын өкілдерінің бірі ретінде 2018 жылғы байқаудың жеңімпазы – Ақтөбе облысындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ металлургы Әбілқайыр Сотқаровты атауға болады.

Тәлімгерлік кезеңінде ол 50-ден астам жас мамандарды оқытты, олардың көпшілігі өндірістік шеберден бастап цех басшысына дейін түрлі қызметтерді абыроймен атқарып келеді. Сонымен бірге оның жетекшілігімен жұмысшылар үнемі еңбек өнімділігі бойынша көшбасшы болды. Қазір Әбілқайыр Сотқаров Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кәсіподақ комитетін басқарады.

Ал бір жыл бұрын, 2017 жылы Батыс Қазақстан ЭТК энергетикалық кәсіпорнының өндірістік-техникалық қызметінің бастығы Тілек Харин лауреат атанды, ол жас және болашақ мамандарға өз білімін тек тәжірибеде ғана емес, сонымен қатар бейіндік бағыттағы студенттермен де кездесуіп, бөлісуде.

2022 жылы Алматы көпір конструкциялары зауытының өз ісіне шын берілген қызметкері Людмила Хвостова жеңімпаз болып танылды, ол осы жерде 40 жылдан астам жұмыс істеді. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде жүздеген жас мамандарға өндіріс ерекшеліктерін үйретті.

Естеріңізге сала кетейік, «Еңбек жолы» байқауы еңбек етуге ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және жұмысшы әулеттердің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.             

Конкурс үш номинация бойынша өңірлік және республикалық деңгейде екі кезеңнен өтеді: «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаты ең көп әулет; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер; «Өндіріс үздік жас жұмыскері» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.

Биыл конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен 591 өтініш түсті.

Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы жақын арада белгілі болады. 2023 жылғы «Еңбек жолы» жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін осы жылдың қыркүйек айының соңында өткізу жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға