Жаңалықтар

Қазақстанның су саласына шетелдік инвесторларды тарту мүмкіндіктері талқыланды

Қазақстанның су саласына шетелдік инвесторларды тарту мүмкіндіктері талқыланды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі 26.01.2024 04:37 699

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Қазақстандағы өкілдерімен кездесіп, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

IFC жұмыс істейтін мемлекеттерде бірлескен жобаларға жеке капиталды тарту мақсатында үкіметке кеңес береді. Бүгінгі таңда Корпорация 120 мемлекетте 500-ге жуық жобаны іске асырды.

Министр өз кезегінде жерасты суларын зерттеу және барлау тәжірибесі бар инвесторлармен серіктестік орнатуға ниетті екендігін білдірді. Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов жаңа су қоймалары мен суару жүйелерінің құрылысы бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

IFC өкілдері Корпорация инвесторларды тарту бойынша консультациядан бөлек, стратегиялық жоспарлау мәселесінде де көмек көрсететінін хабарлады. Танысу мақсатындағы кездесудің қорытындысы бойынша тараптар су саласы мамандарының қатысуымен одан әрі талқылау өткізуге келісті.

Көптеген мәселелер бойынша біздің ұстанымдарымыз сай келеді. Жобаларды уақтылы және сапалы іске асыру ғана емес, сонымен қатар, аяқтағаннан кейін олардың өміршеңдігін қамтамасыз ету маңызды. Су саласында үлкен тәжірибесі бар инвесторларды тарту гидротехникалық құрылыстарды және басқа да маңызды инфрақұрылымды реконструкциялау мен жаңғыртуды едәуір жеделдетеді,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға