Жаңалықтар

Қазақстанның спорттық шенеуніктері 60 млн теңге ұрлаған

Қазақстанның спорттық шенеуніктері 60 млн теңге ұрлаған
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 23.07.2024 11:46 935

Олимпиада түрлері бойынша Спортты дамыту дирекциясының басшысы мен қызметкері бюджет қаражатын жымқырғандары үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олимпиада түрлері бойынша Спортты дамыту дирекциясының бұрынғы басшысы Оралбай Жақсымбетов 60 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлағаны және қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, спортшыларға арналған спорт залдарын тегін алу мүмкіндігі бола тұра, оларды жалға алу туралы еншілес тұлғалармен мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып, оқу-жаттығу жиындарына бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған.

Басшымен бірге бюджет қаражатын ұрлауға көмектескені үшін дирекция қызметкері де сотталды. Мемлекеттік айыптаушы сотқа барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі туралы уәждерін жоққа шығарды, - делінген мәліметте.

Сот үкімімен әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, басшы 5 жылға, ал оның көмектесушісі 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға