Қазақстанның шахматтан қыздар құрамасы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері
12.09.2023 01:32
Фото:
fide.com
Польшаның Быдгощ қаласында шахматтан қыздар арасындағы 2023 жылғы командалық әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы әлем додасының күміс жүлдесін иеленді. Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасына есе жіберді. Шешуші кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан – 1,5-2,5, екінші матчында – 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды.
Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар өнер көрсеткенін айта кетейік.
Қола медальді Франция құрамасы иеленді. Олар қола медаль үшін ойында АҚШ шахматшыларынан жеңді.
Турнир 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бірақ Қазақстан бұған дейін ширек финалдан әрі асып көрген емес.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

