Жаңалықтар

Қазақстанның сәулетшілері жаңа қала құрылысы кодексінің жобасын талқылады

Қазақстанның сәулетшілері жаңа қала құрылысы кодексінің жобасын талқылады
Фото: 24.kz 15.02.2023 14:24 1173

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты Қазақстанның сәулетшілер одағымен бірлесіп, еліміздің жаңа Қала құрылысы кодексінің жобасын әзірлеуге арналған кеңесті өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған жиында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Құлбаев жаңа заң жобасының құрылымын қатысушыларға ұсынып, оны әзірлеу бойынша атқарылған жұмыстардың қазіргі жағдайына тоқтала келе сәулетшілердің кәсіби қауымдастығы осы маңызды құжатты дайындауға атсалысады деген үмітте.

«Сәулетші – құрылыс процесінде маңызды рөл атқаратын тұлға. Бас сәулетшілер институты дамыған өңірлер қалалық инфрақұрылымды құру бойынша ең тиімді шешімдер мен жүйелі қадамдарды жасаумен ерекшеленеді. Сол себепті сәулетшілердің мол тәжірибесі мен ой-көзқарасы жаңа кодексті әзірлеуде аса қажет. Неге десеңіз, оның негізінде тұтастай отандық құрылыс саласының қызметі айқындалады»,  деді Б.Құлбаев.

Осы ретте Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты сарапшы мамандар мен іскерлік орта өкілдерімен аталған мәселеге байланысты тұрақты негізде жұмыс кездесулерін өткізіп келе жатқанын айта кетейік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға