Қазақстанның ресурстық әлеуеті: 2024 жылы 22 кен орны тіркелген
Бүгінгі таңда Қазақстанда сирек және сирек жер металдарының 100-ден астам кен орны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2024 жылға арналған геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша құрамында алтын, күміс, мыс, мырыш, темір рудалары, қорғасын, вольфрам, хром, молибден, марганец сияқты пайдалы қазбалар қоры мен ресурстары бар кен орындары мемлекеттік есепке алынды.
Жыл басынан бері геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша есептерге мемлекеттік сараптама жүргізілуде. Алғаш рет қатты пайдалы қазбалардың 12 кен орны, көмірсутек шикізатының 4 кен орны тіркелді, сонымен қатар жер асты суларының 6 кен орны есепке алынды, - делінген мәліметте.
Оның ішінде: Дүйсембай Орталық, Шығыс Тастау, Жағалау, Оңтүстік, Жеңішке, Байғора, Қостөбе, Қазан-Шұқыр, Оңтүстік Қарауыл-Төбе, Удар, Қызылтас-Күршім және Сарыбұлақ.
Алғаш рет көмірсутек кен орындары мемлекеттік тіркеуге алынды: Қаратұрын Западный, Қошқар, Солтүстік Шыңжыр, Аққұловское Южное.
Сондай-ақ Долинное, Жыланды, Бала-Үрпек, Дарбазин топтық су құбыры, Торғай, Палеозой және Королевское сияқты жер асты сулары кен орындары да бар.