undark.org

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі тіркелді

22.03.2023 08:49

Еліміздің сейсмикалық станциялар желісі  21 наурызда Алматы уақытымен 22 сағат 47 мин 30 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жер сілкінісі эпиорталығы Қазақстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 848 км қашықтықта орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы 16.1. Магнитуда MPV 7.8. Эпицентр координаттары 37.00° с. ш. 71.12° в. д. Тереңдігі 120 шқ. Сезілу деңгейі (шкала бойынша МЅК-64): Тараз қаласы 3 балл.

Сонымен қатар жер сілкінісінің дүмпуі Шымкентте, Жетісайда, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан өңірлерінде білінген.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ.