Жаңалықтар

Қазақстанның мұнай-газ компаниялары өткен тәулікте өнім өндіру көлемін ұлғайтты

Қазақстанның мұнай-газ компаниялары өткен тәулікте өнім өндіру көлемін ұлғайтты
Фото: © Pixabay.com 03.12.2023 06:46 2208

Қазақстанның мұнай-газ компаниялары өткен тәулікте өнім өндіру көлемін ұлғайтты. Бұған Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында танкерлерге мұнай тиеуді қайта бастағаны әсер еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

ENERGO_OFFICIAL телеграм арнасында Қазақстанның мұнай-газ саласы бойынша тәуліктік дерегі жарияланды. 

1 желтоқсанда еліміздің мұнай-газ өнеркәсібіндегі компаниялар 204,9 мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірген. Ал, ілеспе газ өндірудің тәуліктік көрсеткіші – 144,3 млн текше метр. Сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттары тәулігіне 50,9 мың тонна «қара алтын» өңдеген.

Бұл күні әлемдік нарықта BRENT маркалы мұнайдың 1 баррелінің бағасы 79,16 долларға тұрақтады. Ал, WTI мұнайы үшін 1 баррельге ұсынылған баға – 74,40 доллар.

Еске сала кетелік, бұған дейін Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында танкерлерге мұнай тиеу қайта басталған. 

Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қарашада теңіз терминалында танкерлерге мұнайды қайта тиеу басталған. 

«Қазір теңіз терминалында мұнайды жөнелту ВПУ-1 және ВПУ-2 құрылғылары арқылы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. ВПУ-3 құрылғысындағы қалқымалы шлангілердің бүлінген секцияларын ауыстыру ауа райының қолайлы кезінде қолда бар қосалқы бөлшектермен жүзеге асырылады. Қалқымалы шлангының зақымдалған секциялары ауыстырылғаннан кейін ВПУ-3 құрылғысының пайдалануға берілгені туралы қосымша хабарланады», - деп мәлім етті консорциумның баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға