Жаңалықтар

Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді
Фото: Үкімет 17.02.2023 19:33 921

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитай Қазақстанда 2023 жылға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан ЕҚДБ-мен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын және банктің құрылымдық реформаларды жүргізуге қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Үкімет «жасыл» экономика, көлік және логистика, жаңартылатын энергия көздері мен жеке бизнесті дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру бойынша белсенді бірлескен жұмысқа дайын. Біз елдік және өңірлік деңгейде ынтымақтастығымызды кеңейтуге ниеттіміз», - деді ол.

Сонымен қатар Премьер-Министр экономикалық даму шеңберінде республикада декарбонизациялауға ерекше назар аударылатынын, осыған байланысты биылғы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілгенін айтты.

🤝Өз кезегінде Жужанна Харгитай ЕҚДБ-ның барлық қолданыстағы және жоспарланған жобалар бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуді мақсат еткенін растады. Бұл ретте ол Банктің экономиканың басым салаларында жаңа «жасыл» бастамаларды пысықтауды жандандыруға дайын екендігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға