Жаңалықтар

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы кімдерге берілді

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы кімдерге берілді
Фото: Коллаж El.kz 23.10.2024 13:13 548

Әдебиет және мәдениет саласындағы бір топ азаматқа «Қазақстанның халық жазушысы» және «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Жарлығымен әдебиет және мәдениет саласындағы бір топ азаматқа «Қазақстанның халық жазушысы» және «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді.

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері: театр және кино актерлері К.Жұмабековке, Л.Кәденге, О.Коржеваға, И.Лебсакқа, Р.Махпироваға, Г.Шынтемірге және Ә.Ыдырышевқа, опера әншілері М.Мұхамедқызы мен Ж.Баспақоваға, дирижер А.Мұхитдинов пен күйші С.Тұрысбекке, сондай-ақ белгілі әнші М.Ілиясоваға берілді, – делінген Ақорда хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға