Қазақстанның халық әртісі Қапан Бадыровтың туғанына 120 жыл толды
21.09.2024 09:43
Фото:
t.me/madenietaqparat
Бүгін Қазақстанның халық әртісі, актер Қапан Бадыровтың туғанына – 120 жыл, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қапан Бадыров театр сахнасында көптеген бірегей образ сомдады. Әсіресе Науан хазірет пен Отелло бейнелері — Бадыровтың қазақ сахна өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі болды.
Кейінірек У.Шекспирдің «Асауға-тұсауындағы» Баптиста, М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Абыз бейнелері сияқты қарама-қайшы кейіпкерлерді сахналауы оның жан-жақты дарынын танытты.
Сондай-ақ актер «Амангелді», «Абай әндері», «Алып туралы аңыз», «Өмір жолы» және тағы басқа фильмдерге түсті.

