Қазақстанның ерекшелігін көрсететін деректер
Ұлы даланың төсіндегі талай тарих тоғысқан, еркіндік пен ерліктің ізі қалған кең байтақ жеріміз әр тұрғын үшін қасиетті мекен. Көне өркениеттердің ізі сақталып, тұмса табиғатымен көздің жауын алатын ғажайып аймақ жайлы қызықты 10 деректі жинадық.
Қазақстан - тек мұнай елі емес
Елімізде: "Менделеев кестесіндегі элементтердің 99-ы кездеседі" - деген сөздерді жиі естиміз. Ел арасында үйреншікті мәтелге айналып кетуінің өзі бекер емес. Сол ел айтатын Менделеев кестесіндегі элементтердің 70-тен астам түрі өндіріледі. Бұл көрсеткіш бойынша әлемдегі сирек елдердің бірі.
Қазақстанда әлемдегі ең ірі құрғақ айлақ бар
Қытаймен шекарадағы «Қорғас - Шығыс қақпасы» - елдегі теңізсіз ең ірі логистикалық хабтардың бірі. Мұнда жылына миллиондаған контейнер өтеді. Сонымен қатар, көрші елмен кез-келген тұрғыны еркін сауда-саттық жасай алатын санаулы мелмекеттердің қатарына кіреді.
Алматы - алма ғана емес, генетикалық отан
Ғалымдардың айтуынша, жабайы алманың (Malus sieversii) отаны -Алматы қаласы. Әлемдегі алма сорттарының басым бөлігі осы геннен тараған. Алатаудың бөктерінде жайқалып тұрған апорт бақтары соның айқын дәлелі.
Қазақ даласы - ғарыштың бесігі
Өзге елдер қазба байлықтың қойнауына жете алмай жатқанда, Байқоңырдан тұңғыш адам ғарышқа аттанды. Онымен қоса алғашқы жасанды серік ұшырылып, ондаған елдің ғарышкерлері көкке көтерілді. Бұл адамзат тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды.
Қазақстан - жер көлемі бойынша Еуропадан үлкен
Жер көлемі бойынша әлемде 9-шы орын алатын Қазақстан аумағы, Батыс Еуропаның барлық елдерін қосқаннан да кең. Өмір сүру мен ауа сапасы әлдеқайда жоғары. Себебі, халық өте сирек орналасқан. Бір шаршы шақырымға шамамен 7 адамнан ғана келеді.
Қазақ даласында өркениет ерте пайда болған
Сақ, ғұн, түркі қағанаттары көшпелі мәдениеттің қарапайым емес, күрделі басқару жүйесі бар өркениет болғанын дәлелдейді. Ертедегі Ұлы Жібек жолы арқылы Шығыс пен Батысты жалғаған қазақ жері өркениеттер тоғысқан тарихи аймақ.
Қазақстанда климат рекорды бар
Қазақстан төрт мезгілі өз уақытында алмасып отыратын санаулы мемлкеттердің қатарына кіреді. Оның үстіне жазында +49°C-қа дейін ыстық, ал қысында –57°C-қа дейін суық тіркелген. Бұл әлем бойынша өте сирек кездесетін құбылыс.
Қазақ тілі - бай тілдердің бірі
Бір ғана ұғымды білдіретін ондаған синонимдер мен тұрақты тіркестер қазақ тілінің қаншалықты бай тіл екенін аңғартып тұрғандай. Бұл бір ғана мысал, ал қазақ тілінде жылқыға қатысты 300-ден аса сөз бар екенін бірі білсе, бірі білмейді. Сондай-ақ, табиғат пен көңіл күйді дәл суреттейтін ұғымдар өте көп. Бұның өзі көшпелі мәдениеттің тілге тікелей әсер еткенін көрсетеді.
Қазақстан - ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан ел
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие ел болды. Бірақ одан саналы түрде бас тартты. Бұл шешім халықаралық деңгейде әлі күнге дейін үлгі ретінде айтылып келеді.
Қазақтың қанына сіңген қасиет - қонақжайлығы
Зерттеушілердің дерегіне сай, көшпелі қоғамда қонаққа ас ұсыну тек Қазақ халқында ғана барын анықтаған. Жалпы қонақжайлық қазақ үшін жай мінез емес, өмір сүру қағидасы болып кеткелі қашан.
Бүгін біз сөз еткен бұл ерекшеліктер, тәуелсіз Қазақ жерінің бір парағы ғана. Ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр алқыптың әлі де болсын ашылмаған ғажайыптары қаншама.

