pixabay.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, үсік жүреді

24.10.2025 01:37

Қазақстанның бірқатар аймақтарында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Синоптиктердің болжамынша, Талдықорған қаласы мен Жетісу облысында 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Сонымен қатар, желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.

Атырау, Абай және Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді. Бұл өңірлерде сондай-ақ жоғары өрт қаупі сақталып отыр.

Орал қаласында, сондай-ақ Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман түседі деп күтілуде.

Ал Ақтау, Атырау, Жезқазған, Шымкент және Түркістан қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Ұлытау және Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Мамандар тұрғындарға ауа райының өзгерістеріне мұқият болып, жолда сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.