Жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Астанада - ауыспалы бұлт, күндіз - қар, боран күтілед
Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады
Фото: qazaqstan.tv 22.12.2022 17:32 1987

Қазақстандық синоптиктер 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елдің басым бөлігінде қар жауады. Тек солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, елдің орталығында солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, оңтүстік-шығысында  көктайғақ, Қазақстанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел күшейіп, боран соғады деп күтілуде», делінген хабарламада. 

Астанада - ауыспалы бұлт, күндіз - қар, боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматыда - ауыспалы бұлт, түнде қар, тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Шымкентте - күн жауын-шашынсыз өтеді, ауыспалы бұлттылық байқалады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға