Жаңалықтар

Қазақстанның бастамалары Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерімен тауар айналымы $8,4 млрд құрады

Қазақстанның бастамалары Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерімен тауар айналымы $8,4 млрд құрады
Фото: gov.kz 04.12.2023 23:02 2016

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ыстамбұлдағы Ислам ынтымақтастығы ұйымының экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комитетінің (КОМСЕК) 39-шы отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Шараның ресми ашылу рәсімі 4 желтоқсанда Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның қатысуымен өтті.

Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) 57 елді біріктіретін ең ірі ресми үкіметтік мұсылман халықаралық ұйымы болып табылады. Бүгінде ИЫҰ елдері төрт құрлықты - Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Американы қамтитын әлем халқының төрттен бір бөліктен астам құрайды. Соңғы 3 жылда мүше мемлекеттер арасындағы жалпы тауар айналымы $3,7-ден $4,5 трлн-ға дейін ұлғайды.

Отырыс барысында қатысушы елдердің министрлері ынтымақтастықты одан әрі нығайту, соның ішінде сауда мен ауыл шаруашылығындағы күш-жігерді талқылады.

Айта кетейік, Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуға ұмтылуда. Соңғы бес жылда еліміз ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін екі есеге арттырып, ИЫҰ мүшелерімен осы бағытта белсенді жұмыс жасап, оны әлемнің 80-нен астам еліне экспорттауда.

«ИЫҰ елдері Қазақстанның белсенді сауда-экономикалық серіктестерінің қатарына кіреді. 2023 жылдың 9 айында біздің тауар айналымымыз $12,5 млрд. құрады ИЫҰ елдеріне қазақстандық өнімнің экспорты жалпы тауар айналымының жартысынан астамын құрайды - $8,4 млрд. Біз Ұйымның барлық қатысушыларының көлік-логистикалық  инфрақұрылымды дамытуға және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге біріктіру күш-жігерін біріктіруіміз қажет», - деп атап өтті Сауда министрлігінің басшысы Арман Шаққалиев ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сауда саласындағы әлеуетін жақсарту жөніндегі баяндамасында.

Өз сөзінде ҚР Сауда және интеграция министрі шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Түркия Республикасының Президентіне алғыс айтып, Түркия ИЫҰ елдерімен барлық тауар айналымының 35%-ын құрайтын Қазақстанның ірі сауда серіктесі болып табылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға