Жаңалықтар

Қазақстанның барлық аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның барлық аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: "Қазгидромед" РМК баспасөз қызметі 04.01.2025 23:49 610

Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланып, "Қазгидромет" РМК 5 қаңтарда ауа райы бұзылатыны туралы болжам айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Астанада 5 қаңтарда кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Ақмола облысының батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде боран, көктайғақ күтіледі. Тұман түседі. Батыс және солтүстік аудандарда желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Көкшетау қаласында 5 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.  

Ал Алматы облысының солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Алматы, Қонаев қалаларында 5 қаңтар түнде және таңертең тұман түседі.  

Түркістан облысының оңтүстік, таулы және тау етегіндегі аудандарда көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік, батыс және оңтүстікте, сондай-ақ таулы аудандарда тұман түседі. Шымкент және Түркістан қалаларында 5 қаңтар түнде және таңертең тұман, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында 5 қаңтарда тұман, көктайғақ күтіліп, жел екпіні 18 м/с дейін күшеюі мүмкін.  

Маңғыстау облысы солтүстік аудандарда тұман болады. Қызылорда облысының солтүстік және орталық аудандарда тұман күтіледі. Қызылорда қаласында да тұман болуы мүмкін. Жетісу облысының солтүстік және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Алакөл көлдері маңында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетуі ықтимал.  

Атырау облысының солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде көктайғақ, тұман болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Абай облысының шығыс және оңтүстік өңірлерде тұман болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда тұман болады. Өскемен қаласында 4-5 қаңтар аралығында екінші деңгейлі қолайсыз метеожағдайлар туралы ескерту жарияланды.  

Қостанай облысының батыс және солтүстік өңірлерде боран, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Павлодар облысында солтүстік аудандарда көктайғақ, оңтүстікте тұман болады.  Ақтөбе облысында Батыс, солтүстік және орталық аудандарда боран, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетуі ықтимал.  

Қарағанды облысының батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде тұман болады. Ұлытау облысының солтүстік, шығыс және орталық аудандарда тұман күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік және шығыс өңірлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавл қаласында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.  

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына дайын болып, сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға