Қазақстанның әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатын бастады
Бүгін Үндістанның Ахмедабад қаласында ерлер мен әйелдер арасында су добынан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әйелдер турниріне 8 команда қатысып жатыр. Олар екі топқа бөлінген:
А тобы: Үндістан, Жапония, Сингапур, Өзбекстан
B тобы: Қазақстан, Қытай, Гонконг, Таиланд
Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы:
Александра Жарқымбаева, Дарья Починок, Юлия Дружинина, Виктория Каплун, Валерия Аносова, Мадина Рахманова, Анна Новикова, Ольга Воронцова, Милена Нәбиева, Елизавета Руднева, Анастасия Миршина, Анастасия Цой, Мария Мартыненко, Алина Озкая, Анеля Алтыбасарова.
Бас бапкер – Әсел Жақаева, бапкер – Андрей Сазыкин.
B тобының алғашқы матчында қазақстандық ұжым Тайланд құрамасымен кездесіп, 12:14 есебімен есе жіберді.
Қазақстан әйелдер құрамасы келесі ойынын қазанның 6-сы күні сағат 09:00-де (Астана уақытымен) Гонконг командасына қарсы өткізеді.

