Жаңалықтар

Қазақстанның авиация саласының мамандары өзара іс-қимылды нығайтуды көздейді

Қазақстанның авиация саласының мамандары өзара іс-қимылды нығайтуды көздейді
Фото: ТЖМ авиациясының баспасөз қызметі 04.02.2024 21:26 691

Қазақстанның авиация саласының мамандары ТЖМ авиация «Қазавиақұтқару» алаңында ұшу қауіпсіздігінің деңгейін талқылау және арттыру, Airbus Helicopters тікұшақтарын пайдаланушылар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мақсатында бас қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ авиациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Safety Road Show семинары Airbus Helicopters қызмет көрсету орталықтарының арасында жыл сайын өтеді. 

Safety Road Show 2024 қатысушыларға әртүрлі практикалық сабақтар, дәрістер, презентациялар мен пікірталастар ұсынды, білім мен тәжірибе алмасуды ынталандырды. Кәсіби жаттықтырушылар мен ұшу қауіпсіздігі бойынша сарапшылар қауіпсіздіктің ең жақсы тәсілдерін жасауға және ұшу кезінде қиын жағдайларды шешуге көмектесетін интерактивті сессия ұйымдастырылды. 

Safety  Road Show 2024 ұшуларындағы қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына ұмтылатын Қазақстанның жетекші авиациялық ұйымдары мен компанияларының өкілдерін біріктірді. Оның ішінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, «Қазавиақұтқару» ТЖМ авиациясы, DalaAir, AeroExpert, Қырғыз Республикасының ТЖМ жанындағы авиациялық іздестіру-құтқару қызметі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе қорғанысы күштері бар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға