Жаңалықтар

Қазақстанның алтын қоры өсті

Қазақстанның алтын қоры өсті
Фото: dzenpw.ru 07.03.2023 12:48 1105

Қазақстанның алтын қоры 355 тоннадан асты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

LS басылымының жазуынша Дүниежүзілік Алтын кеңесінің мәліметі бойынша, наурыз айында елдің қымбат металл қоры 3,9 тоннаға толды. Ал бір ай бұрын оның көлемі 351,7 тонна болатын.

Қазақстан елдер бөлінісінде 15-орында (Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банкті есепке алмағанда) тұр. Дәл осы көрсеткіш бойынша Португалия (382,6 тонна) мен Сауд Арабиясы (323,1 тонна) елдерінің арасында орналасқан.

Дәстүрлі түрде АҚШ (8,1 мың тонна), Германия (3,3 мың тонна), Италия (2,45 мың тонна), Франция (2,43 мың тонна) және Ресей (2,2 мың тонна) көшбасшы болып саналады.

Ұлттық банктің сайтында бір грамм алтынның құны 25 мың теңгеден асады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға