«Қазгидромет» синоптиктері 4 тамызда еліміздің 17 өңірінде ауа райының қолайсыз болуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бірқатар облыстарда найзағай, бұршақ, дауыл, ал кей жерлерде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жетісу және Алматы облыстарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел екпіні 28 м/с дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары.
Қарағанды, Ұлытау, Абай, Павлодар, ШҚО және СҚО аймақтарында да найзағай, тұман және күшті жел күтіледі. Көптеген аудандарда желдің екпіні 20-25 м/с болады. Өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында шаңды дауыл, найзағай және бұршақ болуы мүмкін. Төтенше өрт қаупі ескертілді.
Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық (36-40°С) болжанып отыр. Атырау мен Маңғыстауда жел күшейіп, найзағай ойнауы мүмкін. Өрт қаупі өте жоғары.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман мен күшті жел күтіледі. Кей өңірлерде өрт қаупі сақталады.
Алматы, Астана, Шымкент, Қонаев, Орал, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Павлодар, Өскемен, Петропавл, Семей, Қызылорда қалаларында да дауылды ескерту жарияланып, тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстану ескертілді.

