Қазақстаннан темекіні орамжапырақтың ішіне салып алып өтпек болғандар ұсталды
31.10.2024 14:19
Фото:
ҚР ҰҚК
Биылғы 28 қазанда «Жайсан» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Ақтөбе облысы бойынша департаменті темекілердің ірі партиясын заңсыз әкетудің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
71 мыңнан астам қорап темекі өнімдерін көкөніс өнімдері салынған жәшіктердің астына жасырып, ілеспе құжаттарсыз Қазақстаннан шығаруға әрекеттенген. Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны шамамен 50 млн теңгені құрайды, - делінген мәліметте.
Ұсталған жүк әрі қарай қаралуы үшін тиісті органға берілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

