Қазақстаннан Сиань портына алғашқы контейнерлік пойыз жолға шықты
Фото: t.me/caa_kaz
Фото: t.me/caa_kaz
26.03.2024 10:39
481
Қазақстандық терминалдан Сиань портына алғашқы контейнерлік пойыз жолға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында еліміздің көлік министрі М.Қарабаев контейнерлік пойыздарды жөнелту және өңдеу көлемі бойынша Қытайда бірінші орындағы Сиань қаласының халықаралық құрғақ портына барды.
Құрғақ порт аумағында қуаттылығы жылына 66.5 мың ЖФЭ қазақстандық терминал іске қосылды. Министр кәсіпорын ұжымымен кездесіп, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша қазақстандық терминалдан алғашқы құрама пойыздың жөнелту рәсіміне қатысты.
Сиань қаласына сапарын қорытындылай келе, министр қазақстандық және қытайлық бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Сарбаздарға ҰБТ-сыз оқуға түсу сертификаты табысталды