Қазақстаннан шыққан Олимпиада чемпионы әке атанды
29.07.2024 12:16
Фото:
instagram.com/dmitriy_balandin
Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
29 жастағы спортшы карьерасын аяқтағаннан кейін араға екі жыл салып сәбилі болғанын айтты.
2024 жылғы 28 шілде. Әке атандым, - деп жазды Баландин парақшасында.
Айта кетейік, Баландин – жүзуден Олимпиадада алтын медаль алған тұңғыш қазақстандық спортшы. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында Дмитрий 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атанды.
2022 жылы синхронды жүзуден құрама өкілі Кристина Тыныбаеваға үйленіп, карьерасын аяқтады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

