Жаңалықтар

Қазақстаннан қашып кеткен алаяқ Украинада ұсталды

Қазақстаннан қашып кеткен алаяқ Украинада ұсталды
Фото: Видеодан кадр 27.09.2023 12:00 564

Украинаның Әділет министрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азамат «М» Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттады.  

2019 жылы «М» азаматы соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып, іздеуге жарияланды. 

Ағымдағы жылдың тамыз айында іздеуде жүрген адамды Украина аумағында осы елдің құқық қорғау органдары ұстады.

Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы Елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері  оны біздің елге экстрадициялады. 

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға