Жаңалықтар

Қазақстаннан ер адам Өзбекстанға үш метрлік жылан алып өтпек болған

Қазақстаннан ер адам Өзбекстанға үш метрлік жылан алып өтпек болған
Фото: ©El.kz 28.09.2024 23:35 78

Қазақстаннан Өзбекстанға Халықаралық Қызыл кітапқа енген альбинос жолбарыс питонды сөмкеге салып алып өтпек болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ташкент облысы кеден департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады:

"Гишт-Куприк" шекаралық кеден бекетінде Қазақстаннан кірген ер адамның сөмкесін бақылау-рентгендік жабдықтың көмегімен тексеру кезінде жылан табылды, бұл туралы ауызша хабарламада хабарланбаған. Кедендік декларацияда бауырымен жорғалаушылар да көрсетілмеген".

Бұл жылан Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілгендіктен, оны Өзбекстанға әкелу үшін халықаралық рұқсат қажет. Алайда ер адамда рұқсат болмаған.

Питон Ташкент хайуанаттар бағына жөнелтілді, сарапшылар оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға