Қазақстаннан 529 мың долларды заңсыз алып шықпақ болғандар ұсталды
20.12.2024 12:09
Фото:
t.me/afm_rk
Қаржы мониторинг агенттігіне қарасты Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер көмегімен есірткіні заңсыз тасымалдаудың 33 фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, табылған есірткінің жалпы салмағы 17 келі, оның ішінде:
- марихуана/каннабис – 5,2 кг. (20 факт);
- гашиш/гашиш майы – 11,5 кг. (11 факт);
- көкнәр сабаны, тетрагидроканнабинол және басқа да синтетикалық есірткі түрлері.
Сонымен қатар осы кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізудің 17 фактісі анықталды.
Анықталған валютаның жалпы сомасы 529 152 АҚШ доллары мен 9 500 еуроны құрады. Оның ішінде 15 жағдай Алматы қаласында, 2 жағдай Маңғыстау облысында тіркелген, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

